Денсаулық сақтау жүйесінің жетілуінің III деңгейіне көшу мәселелері бойынша көшпелі сессиялар
2025 жылғы 13 тамызда «Инфекцияға қарсы препараттар ғылыми орталығында» Астана және Алматы қалаларында көшпелі сессиялар өтті. Іс-шаралар Қазақстан Республикасы Президентінің ғылым және инновациялар жөніндегі Кеңесшісі Закария Күнсұлу Дальтонқызының төрағалығымен өткен кеңес қорытындысы бойынша 2025 жылғы 24 шілдедегі № 25-15-1.8 хаттамалық тапсырмасын орындау аясында ұйымдастырылды.
Кездесулер барысында Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау жүйесін жетілдірудің III деңгейіне көшуге байланысты өзекті мәселелер қаралды. Салалық ортақ міндеттермен қатар, «Инфекцияға қарсы препараттар ғылыми орталығы» алдында тұрған зертханалық базаны жаңғырту, кадрлық әлеуетті арттыру және қаржыландыруға қатысты мәселелер талқыланды.

Сондай-ақ Орталықтың басқа ғылыми және медициналық ұйымдармен өзара іс-қимылын дамытуға, тәжірибе алмасуға және денсаулық сақтау саласындағы бірлескен жобаларды жүзеге асыруға ерекше назар аударылды. Сессиялардың қорытындысы бойынша жұмыс тиімділігін арттыру және ғылыми әлеуетті нығайтуға бағытталған нақты шаралар мен қадамдар айқындалды.
